КҮРЕС

Қазақстанның U20 әлем чемпионатына қатысатын балуандары анықталды

Біріккен күрес әлемі (UWW) Словакияның Братислава қаласында өтетін 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатына қатысушылардың тізімін жариялады. Қазақстан құрамасы әлемдік додада күрестің үш түрі бойынша толық құраммен өнер көрсетеді.

Еркін күрес бойынша ел намысын Нұрасыл Асамбек (57 келіге дейін), Бекасыл Асамбек (61 келіге дейін), Ералы Әскербек (65 келіге дейін), Сұңқар Сейдахмет (70 келіге дейін), Нұрдәулет Сейілбеков (74 келіге дейін), Айбек Қалиахмет (79 келіге дейін), Асхаб Хаджиев (86 келіге дейін), Бейбарыс Ерғали (92 келіге дейін), Самир Дурсунов (97 келіге дейін) және Риза Изахар (125 келіге дейін) қорғайды.

Грек-рим күресінен Ерасыл Мұссан (55 келіге дейін), Алпамыс Болатұлы (60 келіге дейін), Диас Кертай (63 келіге дейін), Қазыбек Қалмағамбетов (67 келіге дейін), Марлан Бақаев (72 келіге дейін), Еркебұлан Анапия (77 келіге дейін), Нұрдәулет Рахман (82 келіге дейін), Әлихан Тағаев (87 келіге дейін), Максим Украинцев (97 келіге дейін) және Бақтияр Қазиев (130 келіге дейін) бозкілемге шығады.

Әйелдер күресінде Медина Қуанышбек (50 келіге дейін), Динара Дауылқызы (53 келіге дейін), Шодиёна Дилмуратова (55 келіге дейін), Анна Стратан (57 келіге дейін), Айжан Мұратбай (59 келіге дейін), Жайдар Мұқат (62 келіге дейін), Жаңыл Бекен (65 келіге дейін), Ұлдана Тілеухан (68 келіге дейін), Мейрамгүл Мақсот (72 келіге дейін) және Зейнеп Еламас (76 келіге дейін) Қазақстан атынан сынға түседі.

Айта кетейік, U20 жас санатындағы күрес түрлерінен әлем чемпионаты 16–23 тамыз аралығында Словакияның Братислава қаласында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button