БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Жапонияның Киото қаласында өтіп жатқан ескек есу марафоны бойынша Азия чемпионатын сәтті бастап, алғашқы жарыс күнінде екі алтын медаль жеңіп алды.

Құрлық біріншілігінде Кирилл Тубаев байдаркамен 3400 метр қашықтықта үздік нәтиже көрсетіп, Азия чемпионы атанды.

Ал Полат Төребеков 3400 метр қашықтықтағы каноэ жарысында мәреге бірінші болып жетіп, алтын медальға ие болды.

Осылайша Қазақстан құрамасы Азия чемпионатындағы алғашқы жүлделерін екі алтын медальмен бастап, халықаралық аренадағы жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button