БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында алтын медаль үшін сынға түседі

Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы шпагамен семсерлесуден финалға жолдама алды.

Қазақстандық шпагашылар жартылай финалда құрлықтағы ең мықты құрамалардың бірі саналатын Оңтүстік Кореяны 45:33 есебімен сенімді түрде жеңді.

Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасы кем дегенде күміс медальді өзіне қамтамасыз етіп, енді чемпиондық атақ үшін күреседі.

Алтын медаль тағдыры шешілетін финалдық кездесуде қазақстандық спортшылар Жапония құрамасымен кездеседі.

Командалық жарыста Қазақстан намысын Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Никита Жулинский және Кирилл Проходов қорғап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Дели қаласындағы Азия чемпионатында Ирина Бакалдина жеке сында алтын медаль жеңіп алса, Руслан Курбанов қола жүлдеге ие болған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button