Спорт Министрі | Астанада бокстан әлемдік деңгейдегі жарыс өтеді
БОКСТРЕНДТЕ

Астанада бокстан әлемдік деңгейдегі жарыс өтеді

30 маусым мен 6 шілде аралығында елордада орналасқан Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ерлер және әйелдер арасында бокстан Әлем кубогі өтеді, деп хабарлайды SportM.kz.

Бұл – Олимпиадалық World Boxing ұйымының Қазақстанда өткізетін алғашқы турнирі. Жыл бойына бірнеше кезеңмен ұйымдастырылатын бұл жарыс — рейтингтік сипатқа ие. Әр салмақта жеңімпаз 300, күміс жүлдегер 200, ал қола иегерлері 150 ұпайдан еншілейді.

Жарысқа 30 елден 300-ге жуық спортшы қатысады. Қонақтардың қатарында атақты былғары қолғап шеберлері де бар. Атап айтқанда:
– 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Васили Лкадири (Франция)
– 2021 жылғы әлем чемпионы Робби Гонсалес (АҚШ)
– Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Билляль Беннама (Франция)
– Екі дүркін Еуропа чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Ниджат Гусейнов (Әзірбайжан)

Ашылу салтанаты 30 маусым күні сағат 13:00-де өтеді.
Кіру – тегін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button