Спорт Министрі | Нидерландтағы турнирде қазақстандық боксшылар сегіз медаль жеңіп алды
БОКСТРЕНДТЕ

Нидерландтағы турнирде қазақстандық боксшылар сегіз медаль жеңіп алды

Нидерландтың Эйндховен қаласында өткен Eindhoven Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы жалпы есебінде сегіз медаль иеленді, деп хабарлайды SportM.kz.

Бес бірдей боксшымыз алтыннан алқа тақты. Атап айтқанда, Даниял Сәбит (50 келі), Абылайхан Жүсіпов (70 келі), Ерасыл Жакпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (85 келі) және Нұрлан Сапарбай (90 келіден жоғары) қарсылас шақ келтірмеді.

Сонымен қатар Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі) және Сағындық Тоғамбай (90 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстан сапынан бұл турнирге 10 спортшы қатысқан болатын. Олардың ішінде Махмұд Сабырхан (55 келі) мен Ерхан Тұрдан (60 келі) жарысты ерте аяқтады.

Ал Өзбекстан құрамасының еншісінде екі алтын медаль бар. Бұл елден Абдумалик Халоков (60 келі) пен Турабек Хабибуллаев (90 келі) жеңімпаз атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button