
Нидерландтың Эйндховен қаласында өтіп жатқан Eindhoven Cup халықаралық турнирінің алғашқы күнінде қазақстандық боксшылар сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды SportM.kz.
6 маусым күні рингке шыққан 6 қазақстандық спортшының бесеуі қарсыластарын жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Тек бір боксшы ғана қарсыласына жол берді.
Қазақстандық боксшылардың нәтижелері:
▪️ 60 кг – Ерхан Тұрдан (Қазақстан) vs Расул Гулиев (Украина) — төрешілер шешімімен жеңіс украиналық боксшыға берілді.
▪️ 65 кг – Ертуған Зейнуллинов (Қазақстан) vs Хилаль Салех (Швеция) — бірауыздан шешіммен жеңіс Зейнуллиновқа берілді.
▪️ 70 кг – Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан) vs Александр Трофимчук (Литва) — төрешілердің шешімімен Жүсіпов жеңіске жетті.
▪️ 75 кг – Сабыржан Аққалықов (Қазақстан) vs Орландо Холли-Сотоми (Уэльс) — төрешілердің бірауыздан шешімімен Аққалықов алға шықты.
▪️ 90 кг – Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) vs Дакай Альбон (Босния және Герцеговина) — Тоғамбай екінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді.
▪️ +90 кг – Нұрлан Сапарбай (Қазақстан) vs Мервель Бинда (Германия) — төрешілердің шешімімен жеңіс Сапарбайға берілді.
Турнир 9 маусымға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасының қалған спортшылары алдағы күндері шаршы алаңға шығады.