БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы су добынан әлем чемпионатында Түркияға жол берді

Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан су добынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті кездесуін өткізді.

Төртінші матчта қазақстандық спортшылар Түркия құрамасымен кездесіп, 8:15 есебімен жеңіліске ұшырады.

Осылайша, топтық кезең қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы екі жеңіс пен екі жеңіліс тіркеді. Бұл нәтиже ұлттық құраманың ширек финалға шығуына мүмкіндік бермеді. Енді қазақстандық ватерполшылар турнирде 9–16 орындар үшін өтетін кездесулерде бақ сынайды.

Айта кетейік, бүгін, 7 тамызда, Қазақстан құрамасы кезекті матчында Грузия құрамасымен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button