
Филиппиннің Тайгатай қаласында өтіп жатқан велотректен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлде қорын толықтырды.
Жарыс барысында отандастарымыз үш медаль жеңіп алды. Әйелдер арасындағы жеке қуу сайысында Рината Сұлтанова қола жүлдеге ие болды.
Ерлер арасында Әлішер Жұмақанов ұпай бойынша топтық жарыста күміс медаль жеңіп алды.
Ал мэдисон сайысында Рамис Дінмұхаметов пен Илья Карабутов екінші орын алып, тағы бір күміс жүлдені ел қоржынына салды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы құрлықтық додада сәтті өнер көрсетіп, медальдар санын арттыра түсті.



