Қазақстандық семсерлесушілер Дохада өтетін Гран-при турниріне қатысады

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Қатардың астанасы Доха қаласында өтетін Гран-при сериясындағы халықаралық турнирге қатысады.
Беделді жарыста ел намысын ерлер мен әйелдер арасындағы сайыстарда бірқатар қазақстандық спортшылар қорғайды. Ұлттық құраманың тізіміне Руслан Курбанов, Эльмир Әлімжанов, Александр Федотов, Кирилл Проходов, Кирилл Павлов, Богдан Лукин, Михаил Кузьмин, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Георгий Тинников, Никита Жулинский, сондай-ақ әйелдер құрамасынан Владислава Андреева, Каролина Фомина, София Николайчук және Наталья Зинякова енді.
Дохадағы Гран-при турнирі 23–25 қаңтар аралығында өтеді. Бұл жарыс семсерлесушілер үшін рейтингтік ұпайлар жинап, маусымдағы басты халықаралық бәсекелерге дайындықты пысықтауға мүмкіндік береді.



