БАСКЕТБОЛ

Қазақстан баскетбол құрамасы Азия ойындарын жеңіссіз аяқтады

Қазақстан ерлер құрамасы Аичи-Нагоя-2026 жазғы Азия ойындарындағы соңғы кездесуін өткізіп, турнирдегі өнерін аяқтады.

С тобындағы үшінші матчта Қазақстан Бахрейн құрамасымен кездесіп, 78:101 есебімен есе жіберді.

Осылайша, ұлттық құрама топтық кезеңдегі үш ойында да жеңіліс тапты. Бұған дейін қазақстандық баскетболшылар Қытайға 61:99, Филиппинге 78:109 есебімен жол берген болатын.

Үш матчтан кейін Қазақстан С тобында төртінші орын алып, плей-офф кезеңіне шыға алмады.

Жарыс ережесі бойынша ширек финалға үш топтың әрқайсысынан үздік екі команда және үшінші орын алған құрамалар арасынан нәтижесі жоғары екі команда жолдама алады.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы Аичи-Нагоядағы Азия ойындарының баскетбол бәсекесін топтық кезеңде аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button