КҮРЕС
Қазақстан балуандары U20 әлем чемпионатында жұбаныш белдесуіне шықты

Словакияның Братислава қаласында күрес түрлерінен U20 әлем чемпионаты басталды.
Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының екі өкілі жұбаныш белдесуіне жолдама алды.
77 келіге дейінгі салмақта Еркебұлан Анапия келесі белдесуінде Грекия өкілі Адамантиос Пападатоспен кездеседі.
Ал 130 келіге дейінгі салмақта Бахтияр Казиев жұбаныш белдесуінде Қытай балуаны Чэнмао Цуймен күш сынасады.
Жұбаныш белдесуіндегі жеңіс қазақстандық балуандарға әлем чемпионатында жүлде үшін күресті жалғастыруға мүмкіндік береді.



