Қазақстан әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын төртінші орынмен аяқтады

Будапеште (Венгрия) әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.
Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінде екі күміс және екі қола медаль жеңіп алып, жалпы медальдар кестесінде төртінші орынға тұрақтады.
Жарыста Ресей құрамасы тоғыз алтын және бір қола медальмен бірінші орын алды. Испания екі алтын, төрт күміс және төрт қола жүлдемен екінші орынға жайғасты. Қытай құрамасы бес күміс және екі қола медаль жеңіп, үздік үштікті түйіндеді.
Қазақстан құрамасының күміс медальдарын Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова аралас жұптар арасындағы еркін бағдарламада, сондай-ақ командалық акробатикалық бағдарламада жеңіп алды.
Виктор Друзин техникалық және еркін бағдарламаларда екі қола медаль иеленді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы төрт жүлдемен әлем чемпионатының қорытынды медальдар есебінде үздік бестікке енді.



