БАСҚАЛАРЫ
Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында өткен көркем гимнастикадан әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады.
16 тамызда спортшы ұршықтармен және таспамен орындалатын жаттығулардың финалында бақ сынады.
Ұршықтармен орындалатын жаттығуда Ерекешева 29.400 ұпай жинап, бесінші орынға ие болды.
Ал таспамен орындалатын жаттығуда қазақстандық гимнаст 27.350 ұпай еншілеп, сегізінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бұл Ақмарал Ерекешеваның ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты болды. Бұған дейін ол жекелей көпсайыстың финалында 115,800 ұпай жинап, алтыншы орын алған еді.



