
Венгрияның Будапешт қаласында әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының соңғы жарыс күні өтіп жатыр.
Қазақстан құрамасының өкілі Виктор Друзин еркін бағдарламада 257,1201 ұпай жинап, қола медальға ие болды.
Алтын жүлдені Ресей спортшысы Захар Трофимов 267,0426 ұпаймен жеңіп алды. Испания өкілі Энеко Санчес Агилар 264,4163 ұпаймен күміс медаль иеленді.
Осылайша, Виктор Друзин әлем чемпионатында екінші жеке жүлдесіне қол жеткізді. Бұған дейін қазақстандық спортшы техникалық бағдарламада да үшінші орын алған болатын.
Сонымен қатар Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова аралас жұптар арасындағы еркін бағдарламада күміс медаль жеңіп алды. Қазақстандықтар акробатикалық бағдарламада да екінші орын иеленген еді.



