
Түркияның Стамбул қаласында шайбалы хоккейден қыздар арасындағы жасөспірімдерге арналған IIA дивизионының әлем чемпионаты мәресіне жетті.
Турнирдің шешуші матчында Қазақстан әйелдер құрамасы жоғары дивизионға шығу үшін Оңтүстік Корея командасымен күш сынасты. Кездесуде қазақстандықтар есепті бірінші болып ашқанымен, үшінші кезеңде қарсылас айқын басымдық танытып, бес шайба соқты. Нәтижесінде матч 5:1 есебімен кореялық хоккейшілердің пайдасына аяқталды.
Осы нәтижеден кейін Оңтүстік Корея құрамасы IB дивизионына қайта оралса, Қазақстан командасы қатарынан екінші жыл әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді.



