БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан стенд атудан Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы стенд атудан Дохада (Қатар) өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медальдарды көбейтті.

Элеонора Ибрагимова, Анастасия Прилепина және Наргиза Сармановадан құралған ұлттық команда «трап» бағдарламасы бойынша командалық сайыста чемпион атанды.

Жекелей сындарда да отандастарымыз табысты өнер көрсетті. «Трап» дисциплинасында Максим Бедарев пен Элеонора Ибрагимова күміс жүлдені қоржынға салды.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық мергендер «скит» барысында екі алтын, бір күміс және үш қола жүлде жеңіп алған болатын. Осылайша Қазақстан құрама қоржынындағы медаль саны артып келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button