ТРЕНДТЕХОККЕЙ

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында қатарынан екі жеңіске жетті

Қазақстан қыздар құрамасы шайбалы хоккейден Стамбулда (Түркия) өтіп жатқан IIA дивизионының жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді.

Ұлттық команда Латвия құрамасына қарсы кездесу өткізді. Қарсылас алғашқы шайбаны соққанымен, көп ұзамай қазақстандық хоккейшілер есепті теңестіріп, кейін ойын тізгінін толық өз қолына алды. Отандастарымыз жауапсыз сегіз шайба соғып, матчты 9:1 есебімен аяқтады.

Құраманың шабуыл шебінде София Муравьева хет-трик авторы атанса, София Зубкова мен Рената Лившиц дубль жасады. Сонымен қатар Василиса Шуклина мен Анфиса Новикова бір-бір шайбадан соқты.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұған дейін Жаңа Зеландияны 13:2 есебімен ұтқан болатын. Команда турнирді сенімді бастады және жоғары нәтиже үшін күресті жалғастырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button