
Өскеменнің «Торпедо» хоккей клубы шайбалы хоккейден өтіп жатқан Континенталды кубоктың финалында бас жүлде үшін бәсекеге түседі. Қазақстандық команда шешуші матчта Ұлыбританияның «Ноттингем Пантерс» клубымен кездеседі.
Турнир 14 қаңтарда басталып, бастапқы кезеңде командалар екі топқа бөлініп, айналмалы жүйе бойынша ойнады.
«Торпедо» алғашқы матчта «Хернинг Блю Фоксты» 6:2 есебімен ұтты. Екінші кездесуде франциялық «Анже Даксқа» овертаймда 2:3 есебімен жол берді. Екі ойында төрт ұпай жинаған қазақстандық клуб өз тобында көш бастады және финалға жолдама алды.
Екінші топта үздік шыққан — «Ноттингем Пантерс».



