
Футболдан Конференция лигасының 1/16 финалының жеребесі белгілі болды. Бұл кезеңнің матчтары 19 және 26 ақпан күндері өтеді.
Жеребе нәтижесі бойынша төмендегі жұптар қалыптасты:
-
Ягеллония (Польша) – Фиорентина (Италия)
-
Шкендия (Македония) – Самсунспор (Түркия)
-
Ноа (Армения) – АЗ Алкмаар (Нидерланд)
-
Сигма (Чехия) – Лозанна (Швейцария)
-
Зриньски (Босния және Герцеговина) – Кристал Пэлас (Англия)
-
Дрита (Косово) – Целе (Словения)
-
Омония (Кипр) – Риека (Хорватия)
-
КуПС (Финляндия) – Лех (Польша)
1/16 финалдан өткен клубтар 1/8 финалда Конференция лигасының негізгі кезеңінде алғашқы сегіздікте болған командалармен кездеседі.
Турнирдің келесі кезеңдерінің күндері:
-
1/8 финал: 12 және 19 наурыз
-
Ширек финал: 9 және 16 сәуір
-
Жартылай финал: 30 сәуір және 7 мамыр
-
Финал: Германияның Лейпциг қаласындағы «Лейпциг Штадиум»



