Футзал: Дінмұхамбет Сүлейменов ұлттық құраманың бапкерлік штабына қосылды

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер құрамында кадрлық өзгеріс болды. Команданың бұрынғы ойыншысы Дінмұхамбет Сүлейменов бас бапкердің ассистенті қызметіне тағайындалды.
Бұған дейін Сүлейменов бас бапкер Какаумен бірге ұлттық құрама және «Қайрат» клубында жұмыс істеп, халықаралық деңгейдегі бірқатар жетістіктерге қол жеткізген. Енді олар бапкерлік штабы құрамында қайтадан бірге жұмыс істейді.
1981 жылы дүниеге келген Дінмұхамбет Сүлейменов кәсіби мансабында 20 жылдан аса уақыт бойы футзалда өнер көрсетті. Оның ішінде шамамен он жылын «Қайрат» клубында өткізді. Осы кезеңде ол:
-
Қазақстанның 9 дүркін чемпионы,
-
үш мәрте күміс және үш рет қола жүлдегер,
-
Еуропа чемпионатының қола жүлдегері,
-
екі мәрте UEFA кубогының жеңімпазы атанды.
2022 жылы мансабын аяқтағаннан кейін бапкерлікке ауысқан. Соңғы уақытта Ақтаудың «Каспий» клубын жаттықтырды.



