
Өскеменнің “Торпедо” хоккей клубы Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өтіп жатқан Құрлықтық кубоктың финалдық кезеңінде жеңіспен дебют жасады.
Алғашқы матчта отандастарымыз Дания чемпионы — Хернингтің “Блю Фокс” командасына қарсы ойнады. Есепті қарсылас ашқанымен, қазақстандық клуб қысқа уақыт ішінде ойынның бүкіл бағытын өзіне бұрды.
Андрей Корабейниковтің шәкірттері алдымен таразы басын теңестірді, кейін жауапсыз бес шайба соғып, кездесуді 6:2 есебімен сенімді түрде өз пайдасына аяқтады.
Келесі матчта “Торпедо” Францияның “Анже Дакс” командасымен шеберлік байқасады.



