БОКСТРЕНДТЕ

Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкеріне көлік пен пәтер кілті табысталды

Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Қайрат Сәтжановқа құрмет көрсетіліп, оған автокөлік пен үш бөлмелі пәтердің кілті табысталды.

Салтанатты рәсім Астанада өтті. Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті Дархан Қызайбаев ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қайрат Сәтжановқа Toyota Land Cruiser 300 автокөлігінің және елордадан берілген 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Қайрат Тұрсынханұлы 2024 жылдың тамыз айынан бастап ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметін атқарды. Оның жетекшілігімен ерлер командасы бірқатар халықаралық турнирлерде табысты өнер көрсетіп, әлем чемпионатында жүлде алды.

35 жылдан астам жаттықтырушылық тәжірибесі бар маман денсаулығына байланысты қызметін тоқтатуға мәжбүр болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button