
Халықаралық World Boxing әуесқой бокс федерациясы 2026 жылға арналған ресми жарыс күнтізбесін таныстырды. Кестеге құрлықтық чемпионаттар, халықаралық турнирлер, жастар додалары және жазғы Азия ойындары енді. Сонымен қатар өткен жылғы формат сақталып, әлем кубогы биыл да бірнеше кезеңнен тұрады және жыл соңында финал Өзбекстанда өтеді.
2026 жылғы негізгі жарыстар:
8–15 наурыз — World Boxing Futures Cup U19, Бангкок (Таиланд)
28 наурыз – 11 сәуір — Азия чемпионаты (ерлер/әйелдер), Улан-Батор (Моңғолия)
20–26 сәуір — Әлем кубогы, I кезең (ерлер/әйелдер), Фос-ду-Игуасу (Бразилия)
15–20 маусым — Әлем кубогы, II кезең (ерлер/әйелдер), Гуйян (Қытай)
23 шілде – 2 тамыз — Достастық ойындары (ерлер/әйелдер), Глазго (Шотландия)
15–26 қыркүйек — Еуропа чемпионаты (ерлер/әйелдер), София (Болгария)
19 қыркүйек – 4 қазан — Азия ойындары (ерлер/әйелдер), Айти–Нагоя (Жапония)
10–17 қазан — Панамерикалық чемпионат (ерлер/әйелдер), Пуэбла (Мексика)
31 қазан – 13 қараша — Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары, Дакар (Сенегал)
25 қараша – 2 желтоқсан — Әлем кубогы, финалдық кезең, Ташкент (Өзбекстан)
Осылайша World Boxing биылғы маусымды географиялық тұрғыдан да, жас санаттары тұрғысынан да кеңейтіп отыр. Бұл халықаралық деңгейде бәсекені арттырып, ұлттық құрамалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашпақ.



