ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Александра Скороходова Италиядағы жасөспірімдер турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық тау шаңғышы Александра Скороходова Италияның Поцца-ди-Фасса қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде топ жарды.
Отандасымыз алып слалом дисциплинасында алтын медаль иеленді. Екінші орын канадалық Симона Сент-Пьерге, ал қола жүлде АҚШ спортшысы Ноэль Ротқа бұйырды.
Қазақстан құрамасы үшін бұл жаңа маусымдағы алғашқы ірі жеңістердің бірі саналады.



