ҚЫСҚЫ СПОРТ

Қазақстан фристайл-акробатикадан Канададағы Әлем кубогы кезеңіндегі өнерін аяқтады

Канаданың Лак-Бопор қаласында фристайл-акробатикадан Әлем кубогының кезеңі мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы екі жарыс күніне қатысып, нәтижелерін қорытындылады.

Алғашқы жарыс күнінде қазақстандық спортшылардың көрсеткіштері төмендегідей болды:

  • Шерзод Хаширбаев — 24-орын,

  • Ұланбәкір Өмірзақов — 30-орын,

  • Асылхан Асан — 31-орын,

  • Дінмұхамед Райымқұлов — 32-орын,

  • Роман Иванов — 33-орын,

  • Аяна Жолдас — 28-орын.

Араға бір күн салып өткен келесі жарыс кезеңінде көрсеткіштер келесідей өзгерді:

  • Асылхан Асан — 15-орын,

  • Шерзод Хаширбаев — 24-орын,

  • Роман Иванов — 27-орын,

  • Дінмұхамед Райымқұлов — 30-орын,

  • Ұланбәкір Өмірзақов — 36-орын,

  • Аяна Жолдас — 26-орын.

Лак-Бопордегі кезең фристайл-акробатикадан жаңа маусымдағы алғашқы ірі халықаралық жарыстардың бірі саналады. Қазақстандық спортшылар енді келесі Әлем кубогы кезеңдерінде рейтингілік ұпайлар үшін күресті жалғастырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button