ҚЫСҚЫ СПОРТ

Биатлоннан Әлем кубогының кезеңінде спринт сайысына кімдер қатысады

8 қаңтарда Германияның Оберхоф қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезекті кезеңі басталады. Алғашқы жарыс күнінде спринт сайыстары өтеді.

Ерлер арасында Қазақстан құрамасының намысын келесі спортшылар қорғайды:

  • Александр Мухин

  • Владислав Киреев

  • Әсет Дүйсенов

Ерлер спринтінің басталуы — Астана уақытымен 15:30.

Ал әйелдер арасында жарыс жолына төмендегі биатлоншылар шығады:

  • Дарья Климина

  • Айша Ракишева

  • Полина Егорова

Әйелдер спринті Астана уақытымен 18:15-те басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button