ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Инсбруктегі дода: Илья Мизерных үздік жиырмалыққа енді

Аустрияның Инсбрук қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогының кезекті кезеңі өз мәресіне жетті. Бұл сайыс әйгілі «Төрт тұғыр туры» аясында өтті.

Финалдық кезеңде Қазақстан намысын екі спортшы қорғады. Жарыс нәтижесі бойынша Илья Мизерных 20-шы орыннан көрінсе, Данил Васильев 33-ші орынды иеленді.

Айта кетейік, «Төрт тұғыр турының» аяқталуына бір кезең қалды. Қазіргі таңда жалпы есепте Мизерных 22-орында, ал Васильев 38-орында келеді. Жарыс көшін Домен Превц бастап тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button