ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Шаңғы жарысынан Қазақстан кубогы: масс-стартта жүлдегерлер анықталды

Щучье қаласында өтіп жатқан шаңғы жарысынан Қазақстан кубогы аясында масс-старт сайысы мәресіне жетті.

Ерлер арасындағы жарыста Әмірғали Мұратбеков қарсыластарынан озып, алтын медальді жеңіп алды. Олжас Климин күміс жүлдеге қол жеткізсе, Виталий Пухкало қола медаль иегері атанды.

Әйелдер арасындағы бәсекеде Надежда Степашкина жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ксения Шалыгина мәрені екінші болып кесіп, күміс медаль еншіледі. Ал Дарья Ряжко үшінші орынға тұрақтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button