ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Шаңғы жарысынан Қазақстан кубогы: скиатлон жеңімпаздары белгілі болды

Щучье қаласында өтіп жатқан шаңғы жарысынан Қазақстан кубогы аясында скиатлон бағдарламасы бойынша жарыстар аяқталды.

Бұл дисциплинада спортшылар 20 шақырым қашықтықты еңсерді: оның алғашқы 10 шақырымы классикалық стильде, қалған бөлігі еркін әдіспен жүріп өтілді.

Ерлер арасында Әмірғали Мұратбеков мәреге бірінші болып жетіп, алтын медальға ие болды. Күміс жүлдені Наиль Башмаков еншілесе, қола медаль Владислав Ковалевке бұйырды.

Әйелдер арасындағы скиатлонда Надежда Степашкина жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші орынды Ксения Шалыгина иеленді. Ал үшінші нәтиже Ангелина Шурыгаға тиесілі болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button