ҚЫСҚЫ СПОРТ
Щучьеде шаңғы жарысынан Қазақстан кубогы басталды

Щучье қаласында шаңғы жарысынан Қазақстан кубогы өтіп жатыр. Республикалық турнирге елдің 11 өңірінен 150-ден астам спортшы қатысуда.
Жарыстың алғашқы күнінде спринт бағдарламасы бойынша жеңімпаздар анықталды. Ерлер арасында Константин Борцов алтын медаль иеленді. Күміс жүлде Сұлтан Базарбековке, қола жүлде Дастан Қалыбековке бұйырды.
Әйелдер арасында Анна Мельник жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына көтерілді. Екінші орынды Надежда Степашкина иеленсе, қола медальді Дарья Ряжко еншіледі.



