2026 жылғы Олимпиада ойындарына қалай билет сатып алуға болады

Италияда өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының басталуына 50 күннен аз уақыт қалды. Дүбірлі дода 6–22 ақпан аралығында Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Жарыстарды трибунадан тамашалауды жоспарлаған жанкүйерлер үшін билет сатып алу тәртібі мен негізгі талаптар төменде ұсынылады.
Билеттерді сату тәртібі
2026 жылғы Олимпиада ойындарына билеттер тек цифрлық форматта сатылады. Ұйымдастыру комитеті билеттерді тарататын екі ғана ресми арна барын ескертеді:
-
Олимпиаданың ресми билет платформасы
-
ХОК-тың ресми серіктесі On Location
Бейресми сайттар мен делдалдар арқылы алынған билеттер жарысқа кіруге кепілдік бермейді.
Қайдан және қалай сатып алуға болады
-
Жекелеген спорт сессиялары мен салтанатты рәсімдерге арналған билеттер – ресми сайтта
-
Билет пен қосымша қызметтерді қамтитын пакеттер – тек On Location арқылы
-
Сатып алу үшін міндетті тіркеу қажет
-
Қазіргі таңда билеттер ашық сатылымда
Паралимпиада ойындарының билеттері бөлек сатылады және бағасы төмен.
Билет бағалары
-
Ең арзан билет – 30 еуро (хоккей іріктеу матчтары)
-
Барлық билеттің:
-
20%-ы – 40 еуроға дейін
-
57%-ы – 100 еуроға дейін
-
Бағалар мысалы:
-
Керлинг: 40–150 €
-
Биатлон: 50–200 €
-
Тау шаңғысы: 100–220 €
-
Шорт-трек: 150–450 €
-
Конькимен жүгіру: 180–280 €
-
Мәнерлеп сырғанау: 280–1 200 €
-
Хоккей финалы: 450–1 400 €
Салтанатты рәсімдер
-
Ашылу салтанаты (Милан, Сан-Сиро): 260–2 026 €
-
Жабылу рәсімі (Верона аренасы): 950–2 900 €
Орын санаттары
-
A санаты – ең жақсы көрініс
-
B санаты – баға мен сапа теңгерімі
-
C және D санаттары – ең қолжетімді орындар
Кейбір жарыстарда орын бекітілмеген билеттер де ұсынылады.
Билет форматы және кіру тәртібі
-
Барлық билет – цифрлық
-
Кіру Milano Cortina 2026 мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асады
-
QR-код жарыс басталуына 24 сағат қалғанда белсендіріледі
-
Қағаз билеттер қарастырылмаған
Сатып алу шектеулері
-
Бір аккаунтқа – ең көбі 25 билет
-
Бір транзакцияда – 10 билетке дейін
-
Ашылу/жабылу салтанаты мен кей жарыстарға – 4 билеттен артық емес
-
Билетті 16 жастан асқан тұлғалар ғана сатып ала алады
Билеттерді қайта сату
2025 жылдың желтоқсанында билеттерді қайта сатуға арналған ресми платформа іске қосылады. Бұл – билетті заңды түрде өткізудің жалғыз жолы. Комиссия шамамен 5%.
On Location қонақжайлылық пакеттері
-
Бағасы: 150 еуродан бастап
-
Премиум пакеттер: 10 000 еуродан жоғары
-
Құрамына билет, лаундж-аймақ, кейтеринг, кей жағдайда қонақүй мен трансфер кіреді
Қорытынды:
Қарапайым билет – сапарын өз бетінше жоспарлайтын жанкүйерлерге,
ал On Location пакеттері – жайлылық пен кепілдендірілген қолжетімділікті қалайтын көрермендерге арналған.



