ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады

Халықаралық конькишілер одағы (ISU) Италияда өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына арналған конькимен жүгіруден квоталардың қашықтықтар бойынша алдын ала бөлінісін жариялады. Бұл рейтинг Әлем кубогының өткен төрт кезеңіндегі нәтижелер негізінде жасалған.

Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі таңда Қазақстан құрамасы төмендегі квоталарға ие болып отыр.

Әйелдер арасында:

  • 500 м — 2 квота
  • 1000 м — 2 квота және қайта бөлу жағдайында 1-ші нөмірмен бір резерв
  • 1500 м — 2 квота және қайта бөлу кезінде 7-ші нөмірмен бір резерв
  • 3000 м — 2 квота
  • 5000 м — 1 квота
  • Масс-старт — 1 квота
  • Командалық із кесу жарысы — 1 квота

Ерлер арасында:

  • 500 м — 1 квота және қайта бөлу кезінде 4-ші және 5-ші нөмірмен екі резерв
  • 1000 м — қайта бөлу жағдайында 2-ші нөмірмен бір резерв
  • Масс-старт — қайта бөлу жағдайында 3-ші нөмірмен бір резерв

Айта кетейік, конькимен жүгірудегі олимпиадалық жолдамалар атаулы емес. Қорытынды құрамды бапкерлер штабы анықтайды.

Белгіленген мерзімде ұлттық федерация аталған дисциплиналар бойынша қатысу ниетін растауы тиіс. Осы рәсімнен кейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті өтінімді ISU мен Халықаралық Олимпиадалық комитетке жолдайды.

Барлық елдер арасындағы квоталарды қайта қарау және қайта бөлу нәтижесі бойынша түпкілікті тізім 23 қаңтарда жарияланады. Конькимен жүгіруден Олимпиадаға қатысатын спортшылардың ең жоғарғы саны — 168 адам.

Басқа жаңалықтар

Back to top button