ТАЕКВОНДОТРЕНДТЕ

Шымкентте таеквондодан Қазақстан чемпионаты өтеді

20–22 желтоқсан күндері Шымкент қаласында ересектер арасында таеквондодан Қазақстан Республикасының чемпионаты ұйымдастырылады.

Ұлттық біріншілікте 16 салмақ дәрежесі бойынша 300-ден астам спортшы бақ сынайды. Жарыс ел құрамасының алдағы маусымдағы негізгі халықаралық старттарына іріктеу кезеңдерінің бірі саналады.

Бас бапкер Есбол Сұлтановтың айтуынша, биыл әлем чемпионаттарында жүлде алған спортшылар — Нодира Ахмедова, Айдана Құмартаева, Бейбарыс Қаблан, Батырхан Төлеуғали және Тамирлан Тілеулес бұл чемпионатқа қатыспайды.

Алдағы маусымда ұлттық құрама үшін екі маңызды жарыс жоспарланған. Мамыр айында Моңғолияда Азия чемпионаты өтсе, күзде Жапонияда Азия ойындары ұйымдастырылады. Аталған бәсекелерге қатысатын спортшылар халықаралық турнирлер нәтижесі бойынша анықталатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button