ҚЫСҚЫ СПОРТ
Биатлоншы Владислав Киреев Әлем кубогында алғашқы ұпайына қол жеткізді

Швецияның Эстерсунд қаласында биатлоннан Әлем кубогының алғашқы кезеңі аяқталды.
Соңғы жарыс күнінде із кесу (пасьют) сайысы өтіп, Қазақстан құрамасынан бұл бәсекеге тек Владислав Киреев қатысуға мүмкіндік алды.
Отандасымыз жарысты 45-орыннан бастап, мәреге 35-ші болып жетті. Осы нәтижесінің арқасында Владислав Киреев маусымдағы алғашқы алты рейтингтік ұпайын еншілеп, жалпы есепке үлес қосты.
Жарыста Франция өкілі Кентен Фийон-Майе жеңіске жетті. Күміс жүлде швециялық Себастьян Самуэльссонға бұйырса, қола медальді норвегиялық Йохан-Олав Ботн иеленді.



