ҚЫСҚЫ СПОРТ

Анастасия Городко фристайл-могулдан Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

Қазақстандық фристайлшы Анастасия Городко Финляндияның Рука қаласында өткен могулдан Әлем кубогы кезеңінде тұрақты нәтиже көрсетті.

Бұл кезеңде могул сайыстары екі рет ұйымдастырылды. Алғашқы бәсекеде Анастасия Городко жетінші орынға тұрақтады. Келесі жарыс күні ол тағы да үздік ондық қатарына еніп, тоғызыншы нәтиже көрсетті.

Қазақстан құрамасының басқа спортшылары да кезеңге қатысты. Аяулым Әмренова 26-орынды иеленсе, Юлия Феклистова 31-орынға, ал Юлия Галышева 32-орынға жайғасты.

Жарыста жеңіс аустралиялық Энтони Джакараға бұйырды. Екінші орынды АҚШ спортшысы Оливия Гьяччо, үшінші орынды Джейлин Кауф иеленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button