Төрт алтын: қазақстандық конькимен жүгірушілер жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында 11 жүлде иеленді

Италияның Коллальбо қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Аталған халықаралық жарыста Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, жалпы саны 11 медаль жеңіп алды.
Турнирдің басты жұлдызы Кристина Шумекова болды. Ол 1000, 1500 және 3000 метр қашықтықтарында қарсыластарынан озып, үш мәрте алтын медаль еншіледі.
Нео-сеньорлар санатында Алина Дауранова 500 метрде топ жарып, Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір алтын жүлде салды.
Сол санатта 1000 метрлік қашықтықта Дарья Важенина мен Дмитрий Осипенко күміс медаль иеленді. Ал Алина Дауранова мен Андрей Семёнов аталмыш қашықтықта қола жүлдеге қол жеткізді.
Инесса Шумекова 500 метрлік жарыста екінші орыннан көрінсе, Дмитрий Осипенко 1500 метр қашықтықта қола медальмен марапатталды. Масс-старт бәсекесінде Абылайхан Қайырғазы мәреге екінші болып жетті.
Осылайша, қазақстандық жас конькимен жүгірушілер Әлем кубогы кезеңін 4 алтынды қоса алғанда, 11 жүлдемен аяқтады.



