БАСҚАЛАРЫ
Астанада үстел теннисінен мықтылар турнирі өз мәресіне жетті

Астанада үстел теннисінен Қазақстанның ең үздік спортшылары қатысқан мықтылар турнирі аяқталды.
Жарысқа ұлттық рейтингте жоғары тұрған 12 ер және 12 әйел спортшы жиналып, жекелей сында жүлделерді сарапқа салды.
Турнир қорытындысы бойынша жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, ұлттық құрама мүшелері Айдос Кенжіғұлов пен Зәуреш Ақашева көтерілді.
Ерлер арасында:
1-орын — Айдос Кенжіғұлов (Алматы)
2-орын — Санжар Жұбанов (Алматы)
3-орын — Ырысбек Артукметов (Шымкент)
Әйелдер арасында:
1-орын — Зәуреш Ақашева (Қарағанды)
2-орын — Жанерке Көшкімбаева (Қарағанды)
3-орын — Әнел Бақыт (Алматы)
Аталған жарыс маусым алдындағы Қазақстандағы үстел теннисінің деңгейін көрсеткен маңызды турнирлердің бірі болды.



