ҚЫСҚЫ СПОРТ

Михаил Шайдоров Гран-при финалын алтыншы орынмен аяқтады

Нагоя қаласында (Жапония) мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы Гран-при сериясының финалы аяқталды.

Жарыс қорытындысы бойынша АҚШ спортшысы Илья Малинин жеңіске жетті. Ол еркін бағдарламада жеті төрттік секіру орындап, жалпы есепте 332,29 ұпай жинады. Екінші орын жапониялық Юма Кагиямаға (302,41), үшінші орын оның отандасы Шун Сатоға (292,08) бұйырды.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров еркін бағдарламада 170,89 ұпай алды. Қысқа және еркін бағдарламалардың жиынтығында ол 242,19 ұпай жинап, Гран-при финалын алтыншы орынмен аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button