
Кенияның Найроби қаласында өтіп жатқан таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші алтын медалін жеңіп алды.
87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Батырхан Төлеуғали финалда ирандық Мохаммад Ализадені жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Қазіргі уақытта ұлттық құраманың еншісінде үш жүлде бар. Бұған дейін Бейбарыс Қаблан алтын медаль иеленсе, Тамерлан Тілеулес қола жүлдеге қол жеткізген еді.



