ҚЫСҚЫ СПОРТ

Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогы кезеңіндегі жекелей жарыста өнер көрсетті

Биатлоннан Әлем кубогының алғашқы кезеңі аясында ерлер арасында 20 шақырымдық жекелей жарыс өтті.

Бұл сынның жеңімпазы норвегиялық Йохан-Олав Ботн атанды. Командасы үшін тағы бір медаль әкелген Мартин Улдал (Норвегия) екінші орынға жайғасты. Үздік үштікті швециялық Себастьян Самуэльсон түйіндеді.

Қазақстан құрамасы арасындағы ең жоғары нәтижені Владислав Киреев көрсетті — ол 55-орынға ие болды.
Вадим Куралес – 70-орын,
Кирилл Бауэр – 94-орынға тұрақтады.

Әлем кубогы кезеңі басқа бәсекелермен жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button