ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Милан–Кортине 2026: Олимпиада алауын Златан Ибрагимович алып жүреді

2026 жылы Италияның Милан және Кортине-д’Ампеццо қалаларында өтетін қысқы Олимпия ойындарының алауын алып жүретін тұлғалардың бірі белгілі футболшы Златан Ибрагимович болатыны хабарланды.

«Милан», ПСЖ және «Барселона» клубтарында ойнаған Ибрагимович бүгінде «Милан» клубының құрылымында жұмыс істейді. Ол бұл команданың жейдесін 2010–2012 және 2020–2023 жылдары киген. Оның эстафетаға қосылуы — ұйымдастырушылардың Италиямен байланысты танымал спортшыларды тарту ниетімен тығыз байланысты.

Сондай-ақ Олимпиада алауын «Комо» әйелдер командасының ойыншысы Алиша Леманн да алып жүреді.

Қысқы Олимпиада 2026 жылдың 6–22 ақпаны аралығында өтеді. Додаға 93 елден 3500-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button