
Қазақстандық үстел теннисшілер Сарвиноз Миркадирова мен Ескендір Харки Италияның Парма қаласында өткен халықаралық WTT Feeder Parma турнирінде жүлдегер атанды.
Аралас жұптық сында өнер көрсеткен қос спортшы қола медальға қол жеткізді.
1/8 финал:
Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова – Нандан Нареш / Лилу Массарт (АҚШ/Бельгия) – 3:2
Ширек финал:
Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова – Хармит Десаи / Криттвика Рой (Үндістан) – 3:2
Жартылай финал:
Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова – Чо Сынмин / Ю Сиу (Корея) – 0:3
Осылайша, қазақстандық жұп халықаралық турнирде үшінші орын иеленді.



