БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңін аяқтады

Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан 2025 жылғы әлем чемпионатындағы топтық кезеңдегі ойындарын тәмамдады.
Биылғы біріншілікте 32 құрама сынға түсіп, сегіз топқа бөлінді. Қазақстан H тобында Норвегия, Оңтүстік Корея және Анголаға қарсы ойнады.
Алғашқы екі ойында да жеңіліп қалған екі команда үшін үшінші матчтың маңызы ерекше болды. Дегенмен Оңтүстік Корея құрамасы ойынды қарқынды бастап, алғашқы кезеңді 15:7 есебімен өз пайдасына аяқтады. Екінші кезеңде де олардың басымдығы жалғасты. Кездесу 17:35 есебімен Кореяның жеңісімен аяқталды.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы Анголадан 20:38, Норвегиядан 16:41 есебімен ұтылған еді.
Осы нәтижелерден кейін ұлттық құраманың келесі қарсыластары 24–32 орындар үшін өтетін кезеңде анықталады.



