ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Кристина Шумекова жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде үшінші алтын медаль жеңді

Қазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Италияның Милан қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде үшінші рет топ жарды.

30 қараша күні спортшы 1500 метрлік қашықтықта алтын медаль жеңіп алды. Жапония өкілі Аяно Секигучи мәреге екінші болып келсе, қытайлық Цзяминь Цзян үшінші орынға ие болды.

Еске сала кетейік, Шумекова бұған дейін осы кезеңде 1000 және 3000 метр қашықтықтарында да жеңімпаз атанған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button