ҚЫСҚЫ СПОРТ
Қазақстан шаңғы жарысынан Әлем кубогының алғашқы кезеңін бастады

Финляндияның Рука қаласында шаңғы жарысынан Әлем кубогының бірінші кезеңі өтіп жатыр. Бағдарлама бойынша әйелдер арасында 10 шақырымдық жекелей сын ұйымдастырылды.
Жарыста швециялық Фрида Карлссон топ жарды. Норвегия спортшысы Хэйли Венг екінші орын алса, үшінші орынға Швеция өкілі Моа Илар ие болды.
Қазақстан құрамасының нәтижелері төмендегідей:
- Анна Мельник — 65-орын
- Дарья Ряжко — 71-орын
- Надежда Степашкина — 72-орын
- Ангелина Шурыга — 77-орын



