БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысады

26 қарашада әйелдер арасындағы гандболдан әлем чемпионаты басталады. Биылғы біріншілік Германия мен Нидерландта өтеді.

Қазақстан құрамасы алдын ала кезең ойындарын Германияның Трир қаласында өткізеді. Біздің команда H тобына түсті. Бұл топта Ангола, Норвегия және Оңтүстік Корея құрамаларына қарсы ойнайды.

Қазақстандық гандболшылар алғашқы матчын 27 қарашада Анголамен өткізеді.

Айта кетейік, соңғы әлем чемпионатында Франция жеңімпаз атанған. Норвегия күміс медаль иеленсе, Дания қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button