ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Шорт-тректен Әлемдік турдың іріктеу кезеңіне қатысатын ұлттық құраманың тізімі жарияланды

Нидерландтың Дордрехт қаласында шорт-тректен Әлемдік турдың төртінші іріктеу кезеңі өтеді. Бұл сайыста Қазақстан құрамасынан 11 спортшы бақ сынайды.

Медальдар мен рейтингтік ұпайлар үшін келесі спортшылар жарыс жолына шығады: Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртілек Қажғали, Яна Хан, Ольга Тихонова, Зейнеп Құмарқан, Алина Әжғалиева және Малика Ермек.

Турдың төртінші кезеңі 27-30 қараша аралығында өтеді.

Айта кетейік, Әлемдік турдың алғашқы төрт кезеңі 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу квоталарын бөлуге арналған іріктеу кезеңдері болып саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button