
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Италия ҰОК басшысы Лучано Буонфильомен жүздесті. Кездесу барысында тараптар спорт саласындағы әріптестікті кеңейту жолдарын талқылады.
Тараптар Милан–Кортина 2026 қысқы Олимпиадасына дайындық барысын сөз етіп, Олимпиадалық қозғалысты дамытуға байланысты өзекті мәселелерге тоқталды. Әңгіме кезінде Қазақстан мен Италия арасында спорттық ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік мол екені атап өтілді.
Лучано Буонфильо қазақстандық делегацияға Olympic House ғимаратын таныстырып, Италия ҰОК іске асырып жатқан негізгі жобаларды көрсетті.
Кездесу соңында италиялық тарап Геннадий Головкинді World Boxing ұйымының президенті болып сайлануымен құттықтап, жаңа қызметіне табыс тіледі. Өз кезегінде Головкин алғыс айтып, екі ел арасындағы спорттық байланыстарды одан әрі дамыту маңызды екенін жеткізді.



