ҚЫСҚЫ СПОРТ

Александра Скороходова Финляндияда өткен жарыста бесінші орын иеленді

Финляндияның Леви қаласында тау шаңғы спортынан Levi FIS Race халықаралық турнирі мәресіне жетті. Жарысқа Қазақстан құрамасының өкілі Александра Скороходова қатысып, слалом бағдарламасында сынға түсті.

Отандасымыз көрсеткен нәтижесі бойынша бесінші орынға табан тіреді. Турнирдің жеңімпазы АҚШ спортшысы Анника Йоханссон болды.

Екінші орынға Финляндия өкілі Киа Суни, үшінші орынға Норвегия спортшысы Гранде Брусет ие болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button