БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан құрамасы Ислам ынтымақтастығы ойындарын 56 медальмен аяқтады

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындары мәресіне жетті. Қазақстандық спортшылар жарыс нәтижесі бойынша жалпыкомандалық есепте жетінші орынға табан тіреді.

Ұлттық құрама қоржынына барлығы 56 жүлде түсті. Оның ішінде 15 алтын, 20 күміс және 21 қола медаль бар.

Жекелеген нәтижелерге келсек, үстел теннисінен барған спортшылар екі рет жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Дзюдо, муай-тай, семсерлесу және карате түрлерінен бір-бір алтын медаль бұйырды. Жүзу, ауыр атлетика және джиу-джитсу өкілдері үш медальдан жеңіп алды. Сондай-ақ гандболдан әйелдер командасы финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды.

Жалпы есепте Түркия құрамасы 72 алтынмен көш бастады. Екінші орынды Өзбекстан (29 алтын), ал үшінші орынды Иран (29 алтын) иеленді.

Айта кетейік, бұл додаға Қазақстаннан 100-ден астам атлет аттанып, 23 спорт түрінің 15-інде бақ сынады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button